Тереңде шаң басып қалған
Көкейімде бар еді арман
Улары қара ойлардың
Жүректің түбіне тамған
Там там там там
Өзіне бола алмай қорған
Амалсыз арман қор болған
Уланып бейшара жатыр
Қанаты қиылып қан-қан
Ұмыттың сен мені
Тастадың да қайта келмедің
Бақытыңды таба алмадың ба?
Бос ойының маған тең бе еді?
Өкініш өртейді
Өкпеле көп мейлі
Өтінем, бәлкім, кешірсең
Өмірім қайта гүлдейді
Қараңғы суық тұрағы
Қатал да болса сұрағы
Қайта тұтанғандай болды
Үміттің сөнген шырағы
Басын иіп күн де барад қарайып
Жүзі солған, сәулесі де боп ғайып
Алып күштің иесі күн шаршаса,
Менің байғұс шаршауымның несі айып?